Әл-Фараби - әлемдік деңгейдегі тұлға: Әбсаттар Дербісәлі

– Әл–Фараби қазақ халқының мақтанышы, әлемдік деңгейдегі тұлға. Бұл туралы Р.Б. Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі мәлім етті, деп тілшісі.

Оның айтуынша, біз әл-Фарабиді, Абайды насихаттау арқылы Қазақстанды насихаттаймыз. Қазақ елін әлемге танытамыз. «Әл– Фараби тек қазақ халқының ғана емес әлемдік деңгейдегі тұлға. Біз әл-Фараби мен Абайды көтеру арқылы елімізді көтеріп, насихаттап жатырмыз. Осы тұлғалар арқылы Тәуелсіз еліміздің беделін арттырып отырмыз. Бұл кісі өмір бойы білім іздеген адам. Оны насихаттау әр адамның парызы деп ойлаймын. Ол келешек ұрпақ үшін қажет. Ресми деректерге сүйенер болсақ, 200-ге жуық шығарма жазған адам. Соның 100-ге жуығы бізге жетіп отыр. Әл – Фарабиді әлі де зерттеу қажет. Ол құпияға толы тұлға», – деді Әбсаттар Дербісәлі. Шығыстанушы осыдан елу жыл бұрын Әбу Насыр әл-Фарабидің 1100 жылдығына арналған конференцияға қатысқанын айтты. «1975 жылы Алматы қаласында әл– Фарабидің 1100 жылдық конференциясына қатысқан едім. Содан бері жарты ғасыр уақыт өтті, талай дүние өзгерді. Қазақстан тәуелсіз ел болды. Әл– Фараби бабамыздың мұрасы тереңірек зертеле бастады, оның атымен осы жоғары оқу орны аталады. Сонымен қатар ,ойшылдың есімі көшелерге беріліп жатыр. Осының өзі үлкен бақыт»,- дейді ол. Бүгін Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастады. Фото: anatili.kazgazeta.kz
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе