ҚР жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілді

АСТАНА. 21 сәБілім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ҚР жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасын бекітті, деп хабарлады ресми БАҚ.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген

ҚР жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес және жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің қызметін басқару мен үйлестіруді жүзеге асыру үшін бұйырамын:1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі М.Қ.Орынхановқа жүктелсін.4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Б.ЖҰМАҒҰЛОВ.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 554 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидасы

1. Жалпы ережелер1. Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың жалпы білім дайындығының деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - ЖОО) және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін ұйымдастырылады.2. Дайындық бөлімі тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты есебінен оқудың төлемақысын төлеу арқылы жүзеге асырылады.2. Жоғары оқу орындарындағы дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі3. ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын қабылдауды, оқытуды және оқудан шығаруды қамтиды.4. ЖОО-лардың дайындық бөлімдерінде оқыту үшін Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдауды Қазақстан Республикасының ЖОО-лары жүргізеді.5. ЖОО-лардың дайындық бөлімдеріне түсу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары ЖОО-лардың қабылдау комиссияларына мынадай құжаттарды ұсынады:1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;2) орта (жалпы орта), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттың түпнұсқасы және оған қосымша;3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;5) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда № 6697 тіркелген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі - Бұйрық) бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама.6. ЖОО-лардың дайындық бөлімдеріне түсу үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:1) еркін түрде жазылған қабылдау туралы өтініш;2) білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік және/немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған (немесе Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерімен куәландырылған) аудармасы;3) білім туралы құжат иесінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;4) 3х4 көлеміндегі 6 фотосурет;5) Бұйрықпен бекітілген 086-У нысанындағы медициналық анықтама.7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар азаматтар оқуға қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпанда № 513 тіркелген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына сәйкес нострификация рәсімінен өтеді.8. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.9. Дайындық бөліміне қайта оқуға қабылдау ақылы негізде жүзеге асырылады.10. Кешенді тестілеу екі пән бойынша жүргізіледі: «Қазақ тілі» немесе «Орыс тілі» (оқу тілі) және «Математика».11. Мемлекеттік тілді немесе орыс тілін білмейтін шетелдіктерді кешенді тестілеу ағылшын тілінде жүзеге асырылады.12. Әр пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Әрбір тест тапсырмасына берілген дұрыс жауап бір балмен бағаланады. Кешенді тестілеудің ұзақтығы - 1 сағат 30 минут.Түсу емтихандарының нәтижелері өткізілген күні хабарланады. Тестілеуді қайта тапсыруға жол берілмейді.13. Кешенді тестілеуге келген талапкер жеке куәлігін (төлқұжатын) көрсетуі тиіс.14. Тестілеу нәтижелерімен келіспеген азамат апелляцияға өтініш бере алады.Апелляциялық комиссия әрбір базалық ЖОО-да құрылады. Тест тапсырмаларының мазмұны бойынша талас тудыратын сұрақтарды республикалық апелляциялық комиссия қарастырады.15. Кешенді тестілеу нәтижелерін Комиссия қарайды. Оның құрамын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.Комиссия білім беру саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерінен құрылады.16. Кешенді тестілеу нәтижесінде жиналған балдар саны тең болған жағдайда аттестаттағы орташа балы анағұрлым жоғары үміткерге басымдық беріледі.17. Комиссия шешімі білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және конкурстық іріктеуден өткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың назарына жеткізіледі.18. Азаматтарды ақылы негізде оқуға қабылдауды ЖОО-лар дербес түрде жүзеге асырады.19. ЖОО-лар тыңдаушыларды оқуға қабылдаған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.20. Дайындық бөлімдерінде оқу күндізгі оқу нысаны бойынша жүзеге асырылады. Сабақтар 1 қазаннан басталады. Оқыту мерзімі 9 айды құрайды.21. Дайындық бөлімдерінде оқу процесін ұйымдастыру ЖОО-лармен әзірленген және бекітілген оқу жұмыс жоспарлары мен оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.22. ЖОО дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқудан шығару үшін мынадай негіздерге сүйенеді:1) тыңдаушының өз еркімен оқудан шығуы туралы өтініші;2) ЖОО-ның ішкі тәртібін бұзуы.Тыңдаушыны ЖОО-дан шығару ректордың бұйрығымен рәсімделеді, көшірмесі оқудан шыққан күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.23. Дайындық бөлімі тыңдаушыларының білім жетістіктерін бағалауды ЖОО-лар тестілеу нысанында жүргізеді.24. ЖОО-лар жыл сайын 15 шілдеден кешіктірмей білім беру саласындағы уәкілетті органға дайындық бөлімдерінің жұмысы туралы қорытынды есеп береді.25. ЖОО-лар дайындық бөлімдері тыңдаушыларының статистикалық және паспорттық есебін жүргізеді.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 2 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7406 болып енгізілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе