Ақжайықта «Мектепке жол» шарасы аясында 4,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілді - БҚО

Ақжайық ауданында «Мектепке жол» шарасы аясында табысы аз, көп балалы отбасылардағы оқушыларға киім-кешек, оқу құралдары түрінде 4,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілді.Айталық, қайырымдылық ісімен аудан орталығы - Чапаевта 131, одан кейінгі үлкен ауыл - Тайпақта 164 оқушы қамтылды. Еңбек ұжымдары және қатардағы тұрғындармен қатар осынау үлкен шараға жекелеген кәсіп иелері жылдағысынша, зор үлестерін қосуда. Мысалы, тайпақтық жеке кәсіпкер Болат Хисин ұл-қыздардың қамы үшін 105 мың, газдандырумен шұғылданатын «Нұржан» ЖШС директоры Әлжан Досмақов 135 мың теңге қаржысын арнады.

Облыста қайырымдылық шарасы одан әрі жалғасуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе