Вице-премьер Астанадағы қаңтарылып тұрған Ұлттық биотехнология орталығын биыл салып бітіруді тапсырды

Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке Астанадағы қаңтарылып тұрған Ұлттық биотехнология орталығын биыл салып бітіруді тапсырды.«2007 жылы Мемлекет басшысы Астанада 2008 жылдың соңына дейін Ұлттық биотехнология орталығын салуды тапсырған болатын. Тапсырманы орындау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Нысанның құрылысы осы күнге дейін біткен жоқ. Ол ҚазГЗУ ғимаратына қарама-қарсы тұр. Осы орталықты биыл толықтай іске қосуды тапсырамын», - деді ол бүгін өткен ҚР Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде.

Жалпы, Үкімет басшысының орынбасары атап өткендей, ғылымға бөлінетін қаражат ЖІӨ-нің 3 пайызын құраса да, тек келешегі бар жобалар ғана қаржыландырылатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе