СҚО-да биыл «Серпін» бағдарламасымен 203 студент диплом алады

– Солтүстік Қазақстан облысында биыл «Серпін» бағдарламасымен 203 студент диплом алып шықса, оның тең жартысы болашақ ұстаздар, деп тілшісі.

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, биыл бітіретін 102 жас маман 12 педагогикалық мамандықты игеріп шығады. Қазіргі таңда өңірде білім беру мекемелерінде кадр тапшылығы жоқ. Алайда жылдағы көші-қонға байланысты жаңа оқу жылында 99 қазақ тілді маманға сұраныс тумақ. Қазір бұл орындарда негізінен зейнет жасындағы мұғалімдер жұмыс істеп жатыр. «Қазірдің өзінде «Серпін» бағдарламасымен бітіретін биылғы жас мамандардың 90% 10 педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алынады деп айта аламыз. Бұл әзірше, алдын ала болжам. Негізгі көші-қон мамыр-маусым айларында, демалыс уақытында жүреді. Сол кезде облысқа қанша мұғалім қажет екендігі белгілі болады. Түлектердің жартысынан астамы оқуларын магистратурада жалғастыруды жоспарлаған», - дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова. СҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2018-2019 жылдары «Еңбек» бағдарламасына «Серпін» бағдарламасының 86 түлегі қатысты. Оның 54-і жоғары оқу орнын бітіргендер, 32-сі колледждердің түлегі. Олар жеті ауданда және Петропавл қаласында жұмысқа орналасты. М.Қозыбаев атындағы СҚМУ биыл серпінмен бітіретін 203 студенттің 101-і техникалық және ауыл шаруашылық мамандықтар бойынша білім алды. 102 адам - болашақ педагог. Түлектер 3 жыл бойы облыс аумағында жұмыс істеуге міндетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе