«Nur Otan» әрдайым ұстаздардың мүддесін сақтап қалады – Бауыржан Байбек

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram желісіндегі аккаунты арқылы қазақстандық педагогтарды «Мұғалімдер күнімен» құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы мүшелерінің үштен бір бөлігі – күн сайынғы еңбегі арқылы еліміздің дамуына баға жетпес үлес қосатын ұстаздар. Еліміздің әрбір ұстазы еңбегінің мемлекет пен қоғам тарапынан лайықты түрде бағаланатынын сезінуі керек. «Nur Otan» партиясы әрдайым ұстаздардың мүддесін сақтаған және сақтап қалады да. Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес депутаттар «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын жасап шығарды. Бұл мұғалім мамандығына деген қызығушылықты арттыруға, әлеуметтік кепілдік жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен төрт жылдың көлемінде педагогтардың жалақысы екі есе өсетін болады. «Nur Otan» партиясы басшылығының атынан Қазақстанның барлық мұғалімдеріне күрделі әрі жауапты еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Сіздерге денсаулық пен береке, шығармашылық ізденіс пен жемісті еңбек тілейміз», - деді Бауыржан Байбек. Автор: Данияр Дәулетәлиев
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе