Қарағандылық студенттер халықаралық фестивальден олжалы оралды

Қарағандылық студенттер халықаралық фестивальге қатысып, олжалы оралды, деп хабарлады  www.24.kz.Сайыс Италияның Флоренция қаласында өткен. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттері болашақта жүзеге асатын «Заманауи технологиялар мұражайы», «Ақылды үй», «Салтанат сарайы» мен «Технопарк» сынды нысандардың жобаларын апарыпты.  Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған халықаралық байқауға 15 елдің 40-қа жуық жоғары оқу орны қатысты. Сайыста жас архитекторлар, құрылысшылар мен дизайнерлердің 200-ден астам жұмысы таныстырылды. Ал жерлестеріміздің төрт бірдей жобасы жүлделі орындарға ие болды.

«Биыл халықаралық жарысқа алты жұмысты қойдық, олардың барлығы III, II, I орындарды алып келді. Итальяндық архитекторлар біздің балалардың идеясын, архитектура жағынан өмірге деген көзқарастарына мән берді. Сол елдің үздік архитекторлары осындай шешім қабылдады. Біз осындай талантты студенттеріміздің бар болғанына қуаныштымыз», - деді ҚарМТУ кафедра меңгерушісі Марат Иманов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе