Алматылық колледж студенттері ел әскерінің бүгінгі тыныс-тірлішігімен танысты

Әскери қызметшінің кәсібі, тұрмысы, қызметі және әскери жоғары оқу орындары курсанттарының оқу үдерісімен танысу, Қарулы Күштердің әскери қызметшісі деген жастардың қызығушылығын ояты мақсатында Алматы қаласындағы Басқару және нарық колледжінің студенттері Құрлық әскерлерінің Әскери институтына серуен ұйымдастырылды, деп хабарлайды еліміздің Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Студенттер курсанттардың казармасында, оқу корпустарында, мәдени-тынығу орталығында болып, жауынгерлік әскери техника мен қару-жарақтың шынайы үлгілерін тамашалап, курсанттар жаттығып жүрген тренажерларды, спорттық құрылғылармен танысты.

Жас өрендер сонымен қатар Құрлық әскерлері Әскери институтының құрылған кезінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі оның дәстүрі мен тыныс-тіршілігінен жан-жақты хабар беретін әскери жоғары оқу орнының мұражайында болды.

Серуен барысында жастар өздерін толғандырған әскери саласы мен әскери қызметке байланысты сауалдарын қойып, оларға нанымды жауап алды. Қорғаныс саласының өкілдері еліміздің жастарының дақты қолбашылардың өмірі мен әскер саласында қызмет етіп жүрген қайсар ұлдардың өмірімен таныса отырып, олардың әскерге деген қызығушылықтары артып, Отан алдындағы борышын өтеуге деген жауапкершіліктері жетіле түсетіндігіне сенімді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе