Қос дипломды бағдарламаны орындау жөнінде Радиологиялық технологиялар университетімен (АҚШ) және Семей Мемлекеттік медицина университеті арасында екіжақты келісімге қол қойылды

АСТАНА. 23 Бүгін Астана қаласының Онкологиялық диспансерінде наномедицинада және медициналық физикада магистрлер дайындау бойынша қос  дипломды бағдарламаны орындау жөнінде Радиологиялық технологиялар университетімен (АҚШ) және Семей Мемлекеттік медицина университеті арасында екіжақты келісімге қол қойылды.

Бұл жайлы  ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжатқа Радиологиялық технологиялар университетінің (РТУ) президенті  Брент Мерфи мырза және Семей Мемлекеттік медицина университетінің (ММУ) ректоры, м.ғ.д., проф. Т.Қ.Рахыпбеков қол қойды.

                 «Наномедицина» мамандығы бойынша ғылым магистрлерін дайындау қосдипломды бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындарыаралық келісім жасау - келісім шарттың нысанасы болып табылады. Келісім шарт шеңберінде бағдарламаны тапсырған әрбір студент Семей Мемлекеттік медицина университетінің және Радиологиялық технологиялар университетінің жеке дәрежесін алады.

21-ші ғасырда ғылым мен техниканың серпінді және тұрақты түрде дамуы жағдайында нанотехнологиялар  және наномедицина саласында бағдарлама әзірленген.

 Наномедицинаны зерттеу диагностикалауда және терапияда жаңа түсіністікке әкеледі. Осы инновациялық магистрлік бағдарлама нанотехнологиялар саласында соңғы ғылыми жетістіктермен танысуға және оны қолдануға мүмкіндік береді. Бағдарлама диагностикалауда және терапияда наномедицинаны қолдануды көздейді. Зерттеулер мен оқыту аурулар терапиясының жаңа буынын әзірлеуде және оларда қолданылатын құралдарды әзірлеуде пайдаланылады. Еске сала кетсек, 2012 жылғы сәуірде РТУ президенті Брент Мерфи Қазақстанға келген сапарында Семей Мемлекеттік медицина университеті ЖОО және қаланың онкологиялық орталығы басшылығымен бірқатар кездесулер және дискуссиялар өткізіп, наномедицина бойынша бірлескен қос дипломдық магистратураны ашу мүмкіндігін талқылаған болатын.

  Шетелдік қонақтар қатысушыларға сертификаттар тапсырумен «Медициналық физиканы дамыту және наномедицинаның перспективалары» тақырыбында семинар өткізді. РТУ тарапынан АҚШ-тағы екі алғашқы бағдарламалар ұсынылды - наномедицина саласында магистр дәрежесі (бір магистрлік дәреже) және наномедицина мен медициналық физикада жаратылыстану ғылымдарының магистрі қос дәрежесі. Осы бағдарлама ашылған жағдайда Семей ММУ жаратылыстану ғылымдары магистратурасының бағдарламалары, Қазақстан Республикасында наномедицина бойынша магистратураның  алғашқы білім беру бағдарламасы болмақ.

  Сонымен, дүниежүзілік нарықта үлкен әлеуетке ие болатын медициналық физика мен наномедицинада магистратураның жаңа бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Семей Мемлекеттік Медицина университеті Қазақстанда жетекші рольді өзіне алады.

Бүгінгі күні дүниежүзілік нарықта нанотехнологиялар секторында жұмыс істейтін екі миллионға жуық мамандар қажет.

Осы бағытта өткізілетін жұмыс осы салада мамандарды дайындаудың бастауы болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе