Алматыда жас тілшілер форумы өтеді

АЛМАТЫ. 28   Алматыда 29  наурыз  күні  Әл-Фараби  атындағы  Қазақ ұлттық университетінің  журналистика  факультетінде оқуға  түсуші  талапкерлерді  қолдау  мақсатында «Журналист  болғың  келе  ме?» атты  жас  тілшілер  форумы  өтеді.Шараның ұйымдастырушылары -  Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ  мен  «Ұлан» республикалық    балалар  мен  жасөспірімдер  газеті. Форумның  мақсаты - талапкерлердің  шығармашылығын   дамытуға  мүмкіндік   беру   арқылы  оларға  журналистика  факультетін  таныстыру болып табылады. 

Биыл жас  тілшілер  форумына  еліміздің 11 облысынан 15  жеңімпаз   қатыспақ. Олар 85 талапкер  арасынан  ақпан-наурыз   айларында өткен шығармалар  байқауында    іріктелінген болатын. Форум барысында Әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ мен «Ұлан» республикалық  балалар  мен  жасөспірімдер  газеті   жеңімпаздарға  сыйлықтар табыстап, дипломдармен  марапаттайтын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе