Елордада бір сыныпта 50 оқушы отырған мектептер бар – мәслихат депутаты

– Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысында мәслихат депутаты әрі қалалық №17 мектеп-гимназиясының директоры Рамзия Өмірбаева елорда мектептеріндегі орын жетіспеушілік мәселесін көтерді, деп тілшісі.«Қаладағы №75 және №59 мектептерде 3,5 мыңға дейін бала оқиды. Бұл

мектептердің кейбір сыныптарында 50 балаға дейін отыр. Мәселені шұғыл шешу

керек. Тағы бір мәселе неге қаладағы элиталы үйлер мектеп жанынан салынады, ал

басқа мектептер айдалада адам тұрмайтын жерде тұрғызылады. Келесі мәселе,

мектептер неге есеппен салынбайды? Мысалы, №28 қалалық мектептің жанынан 300

орындық қосымша ғимарат пайдалануға берілді, ал бұл мектепке негізінен 500

балаға арналған ғимарат керек», - деді Р. Өмірбаева мәслихат отырысында. Сондай-ақ, депутат бас қаладағы ескі мектептерді жаңалау мәселесі кезек

күттірмейтін проблема екенін айтты. «Тиісті нормативке сәйкес астаналық мектептердің көбінде әр оқушыға 15,2 шашы

метр жер бөлінеді. Ал қосалқы ғимараттар қажеттілікке байланысты емес, сол

нысанның салыну құрылысы мен аумағына байланысты есептелініп тұрғызылады», -

деп жауап берді Қалалық құрылыс және тұрғын үй саясаты басқарма басшысының

міндетін атқарушы Алексей Миткин депутат сауалына.

Одан бөлек, қалалық мәслихат отырысында алдағы жылдары жаңадан тағы 3

мектеп салынатыны туралы айтылды. Әкімдіктің дерегіне сәйкес, ол мектептер

«Ханшатыр» ОСО-ның жанында, жаңа вокзал маңында және біреуі сол жағалаудағы

«Нова-Сити» тұрғын үй құрылысының жанынан тұрғызылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе