Ақмола облысында студенттік жатақханалар тексерілді

– Ақмола облысында студенттер жатақханаларына мониторинг жүргізілді, деп тілшісі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, Ақмола облысының Арнайы мониторинг тобы «AQMOLA – Adaldyq Alańy» жобалық кеңсесімен және «Jas Otan» жастар қанатының филиалымен бірлесіп, сондай-ақ облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Баймағамбетовтың қатысуымен Көкшетау қаласындағы жоғары техникалық колледждің №2 жатақханасына мониторинг жүргізді. «Мониторинг барысында өрескел заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Ғимараттың әрбір қабатында кір жуғыш машиналар, ас үй жабдықтары, тоңазытқыштар бар. Алайда, қоғам өкілдері жатақхананы ас дайындау және тамақ ішу үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында ас үй керек-жарақтарымен қосымша жабдықтау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, табиғи тозуына байланысты бөлмеаралық есіктерді ауыстыру қажет. Сонымен қатар, студенттік бөлмелерде жеке пайдалануға арналған кереует жанындағы тумбочкалардың саны жеткіліксіз екені анықталды. Жатақханада бейнебақылау камералары жұмыс істейді, бірақ жедел жағдайды барынша тиімді қадағалау, тәртіпті сақтау және студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша камераларды пайдалану қажет», - деді ведомстводан. Жатақхана басшылығының айтуынша, бұл мәселе жақын арада шешіледі. Студенттердің қауіпсіздігіне қатысты, жатақханада күзет бекеті жұмыс істейді. Ал студенттер мен келушілердің рұқсаттамасы қағаз талондар бойынша жүргізілетінін атап өту керек. «Мониторинг қорытындысы бойынша жұмыс тобы жатақхана әкімшілігіне анықталған кемшіліктерді жою жөнінде бірқатар тиісті ұсыныстар айтты. Бүгінгі таңда студенттік жатақханалардың жетіспеуі мемлекет үшін аса өзекті мәселе. Осы мәселені шешу аясында аймақта 2328 орындық 6 білім беру ұйымына арналған студенттік жатақхана құрылысы бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде», - делінген мәліметте. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жүйелі түрде жалғасатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе