1 қыркүйектегі білім сабағы «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбы аясында өрбиді

АСТАНА. 1 қыркүйек. Бүгін республиканың барлық білім беру ұйымдарында білім сабағы өтеді. Биылғы білім сабағы «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбы аясында өрбитін болады.Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында айтылған.

Республика оқушылары жаңа оқу жылын қазақстандық патриотизм, мемлекеттік рәміздерді, өз елінің дәстүрін, тарихы мен мәдениетін құрметтеуден бастайды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік рәміздерге арналған модульдік сабақтың  үлгі жоспарын әзірледі.Модульдік сабақ интерактивті түрде өтеді. Әр мектепке Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы жөнінде бейнеролик енгізілген сабақтың электрондық нұсқасы жіберілген.  Интерактивті құралдың көмегімен оқушылар жақында Астанада өткен Қазақстанның олимпиада жеңімпаздарына құрмет көрсету салтанатын көре алады. Еліміздің нағыз патриоттары деп жеңіс тұғырының биігінен көрініп, көк туымызды Ұлыбритания аспанына жеті рет желбіреткен олимпиада жеңімпаздарын атауға болады. Бұл өскелең ұрпақ үшін қазақстандық патриотизмнің тамаша үлгісі. Мемлекеттік рәміздер кез-келген мемлекет дамуының ажырамас бөлігі әрі ұлттық идея ретінде кез-келген мемлекет тұжырымдамасының негізі болып табылады.   Жаңа оқу жылы қарсаңында мектептің мәжіліс залдары, фойесі, оқу кабинеттері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдары туралы» Жарлығына сәйкес безендіріледі.Сабақты дайындау және өткізу барысында ұстаздар заманауи ақпараттық-коммуникациялық құралдарды, интерактивтік әдістерді, сондай-ақ электрондық кітапханалар базасын, мектеп мұражайлары мен жалпы білім беретін мектептердің бейнеқорларын пайдаланады.Қазақстандық патриотизмге арналған білім сабақтарына еңбек ардагерлері, танымал қоғам қайраткерлері, педагог-ардагерлер, халықаралық және олимпиадалық спорт жарыстарының жеңімпаздары, халықаралық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары, жас патриоттар - «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері шақырылатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе