Жамбыл облысында студенттер үшін санаторий ашылады

ТАРАЗ. 21 Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті өңірде алғашқы рет студенттер мен оқытушылар үшін санаторий ашады, деп хабарлады жоғары оқу орнының ректоры Жомарт Қошқаров.«Елбасы жастар саясатын білім және басқа да әлеуметтік аспектілермен қамтамасыз ету керектігін айтып келеді. Біз бұл мәселені үнемі назарда ұстап келеміз. Мәселен, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті студенттер мен оқытушылар үшін санаторий ашу жобасын іске асыруға кірісті», - деді Ж. Қошқаров. 

Жамбыл гуманитарлық-техникалық университеті 2007 жылы Тараздың 2 жоғары оқу орнының негізінде құрылған және де республиканың ең үздік мемлекеттік емес білім беру мекемелерінің қатарында. 

Аталмыш оқу орны жоғары білікті профессор-оқытушы ұжымымен толыққан (300-ден астам оқытушы, 20-дан астам ғылым докторы, шамамен 150 кандидат пен магистр), 29 мамандық бойынша кадр дайындайды. Білім мекемесі 7 оқу корпусымен қамтамасыз етілген. Жоғарғы оқу орнының барлық құрылымы интернет желісіне қосылған, 18 компьютер сыныбы бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе