Ақмола облысында тұңғыш рет наубайханашылар жарысы өтті

Ақмола облысында тұңғыш рет «World Skills Kazakhstan-2017» наубайханашылар жарысы өтті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.Атбасардағы №11 Агротехникалық колледжінде тұңғыш рет ұйымдастырылған жарысқа облыстағы 7 колледждің студенттері қатысты. Жеңімпаздар қамыр илеу, майқоспа тоқаш пісіру, нан, круассандар пісіру бойынша анықталды. 

Жарыс қорытындысына сай, бірінші орынға Астрахан селосындағы №6 агротехникалық колледжінің оқушысы Анна Горбунова лайық деп танылса,  екінші және үшінші орындарды Красный Яр селосындағы №3 агротехникалық колледжінің студенті Данил Рудницкий мен Атбасар қаласындағы №11 агротехникалық колледжінің оқушысы Кристина Стихина өзара бөлісті. Жеңімпаздарға «World Skills Kazakhstan-2017» кубогі мен облыстық білім басқармасының 1,2,3 дәрежелі дипломдары тапсырылды.

Сондай-ақ, қазылар алқасының шешімен Анна Горбунова Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпионатта Ақмола облысының намысын қорғайтын болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе