Оқушылар әуе қорғанысы күштер қызметшілерінің жұмысымен танысты (ФОТО)

97638 әскери бөлімінде «Жас армияшы күні» әскери-патриоттық іс-шарасы өтті. Аталмыш шараға Серебрянск қаласының №1 қамқорлығындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары жиналды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Балаларға бөлім аумағында экскурсия өткізілді. Оларға 97638 әскери бөлімінің жауынгерлік жолы туралы айтып берді. Оқушылар казарманы, асхананы, медициналық пункт пен өзге де нысандарды аралап шықты. Арнайы жасөспірімдер үшін бөлім әскери қызметшілері алаңға қару түрлерін шығарды.

Взвод командирлері Калашников автоматын (АК-74) бұзып-құрастыру,  қорғану бойынша сабақтар өткізді. Балалар қаруды қызықты, олар автомат пен тапаншаларды көру, қолмен ұстау және тактика-техникалық сипаттамасын білуге жақсы мүмкіндік туды.

«Қазақстандық патриотизм - өз Отанының қауіпсіздігі мен болашағы үшін әрбір азаматтың саналы түрдегі жауапкершілігі. Бұл салт-дәстүрді, тарихты, мәдениет пен мемлекеттік символдарды құрметтеу, сондай-ақ туған жерге деген сүйіспеншілік. Қарулы Күштеріміз жылдан жылға беки түсуде және жетілдірілуде, әскерлерге әскери техниканың заманауи үлгілері келіп түсуде, әскери кадрлардың кәсібилігі өсуде», - деді оқушыларға 97638 әскери бөлімінің командирі полковник Нұрлан Махамбетов.

Бөлім басшылығы жастарға қазақстандық патриотизм рухында тәрбие беру үшін оқушылар үшін мұндай кездесулер мен экскурсияларды ұдайы өткізіп тұратынын айта кеткен жөн.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе