«Достастық Жұлдыздары» сыйлығы белгілі әдебиеттанушы Сейіт Қасқабасовқа тапсырылды

АСТАНА. 18 сәМ.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Ұлт­­тық Ғылым академиясының ака­де­мигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сі­ңір­­ген қайраткері, филология ғы­лым­дарының докторы, профессор,Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сей­іт Қасқабасов ТМД жалпы ғылым және білім кеңістігін дамытуға жәрдемдесетін ғылым және білім саласындағы зор үлесі үшін мемлекетаралық «Дос­­тастық Жұлдыздары» сый­лы­ғымен марапатталды, деп хабарлады Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің баспасөз қызметі. «Достастық жұлдыздары» мемлекетаралық сыйлығын ТМД қатысушы-мемлекеттерінің гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кеңесі мен ТМД қатысушы-мемлекеттерінің ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы гуманитарлық ынтымақтастық мемлекетаралық қоры тағайындаған болатын.

Профессор Сейіт Қасқабасовтың прозалық фольклорды дамыту және ауызша прозаны жанрлық жіктеуді жасау тұжырымдамасына қосқан үлесі баға жеткізсіз. Оның жұмыстары Ресей мен ТМД-ның түркітілдес республикалары ғалымдарының фольклорлық зерттеулерінде пайдаланылумен қатар кеңінен танымал болды.

Әдебиеттанушының кітаптары ғылыми жұртшылықтың үлкен қызығушылығын туғызды. Соңғы жылдары ол 10-нан астам республикалық ғылыми конференцияларды ұйымдастырды.

Сейіт Қасқабасов - «Достастық Жұлдыздары» сыйлығының лауреаты атанған Қазақстандағы үшінші өкіл. Бұған дейін бұл аталымға балалар мекемелеріне белсенді көмек көрсеткені және экологиялық апатқа ұшыраған жерлердегі балаларды емдеуді ұйымдастырғаны үшін Сара Назарбаева және фильмдері қазақстандық ұрпақтың әлденеше буынын тәрбиелеп өсірген кеңестің кинематографтың аңызға айналған тұлғаларының бірі, КСРО халық әртісі  Асанәлі Әшімов ие болған болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе