Қуатты дамыған мемлекет пен кедей елдің арасында тұрған сызық - ғылым мен технология - Н. Назарбаев

АСТАНА. 1 Қуатты дамыған мемлекет пен кедей елдің арасында тұрған сызық бұл ғылым мен технология. Бүгін Елбасы Астанадағы Назарбаев Университеті студенттерімен кездесу барысында осылай айтты.

«Жеріміз ауқымды әрі мүмкіндігіміз мол. Бірақ халқымыздың саны аз болғанымен қуатты дамыған мемлекет болғымыз келетіндігі шындық қой. Қуатты дамыған мемлекет пен кедей мемлекеттің арасында тұрған сызық - бұл ғылым мен технология», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, өз сөзінде ғылым мен технологияны игерсек, дамыған мемлекеттердің қатарына қосылатындығымызды, ал игермесек қарыштап дамыған елдердің шаңын қауып қалатындығымызды баса айтқан Н. Назарбаев: «Міне сондықтан да  мемлекет ғылым мен білімге зор көңіл бөледі»,-деді.

Президенттің айтуынша, бұған дейін Назарбаев Университетін құруға мемлекеттің еш мүмкіншілігі болған жоқ. Сондықтанда «Болашақ» бағдарламасы арқылы жастарды шет елдерге білім алуға жіберді. «Болашақтықтар оралды. Олардың 1 мыңы қазіргі күні жұмыс істеуде. Тағы 4 мыңы оқуларын жалғастыруда»,-деп атап өткен Елбасының сөзіне қарағанда, ендігі уақытта жастар бакалавриат бағдарламасы бойынша тек елімізде ғана білім алады. Ал  PhD немесе магистратура бағдарламалары бойынша шетелден білім алуға жіберіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе