ҚР ҚК-нің әскери қызметшілері материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жаңа пәнді оқитын болады

ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жаңа әскери пәнді зерделейді. Ағымдағы жылы бұл пән ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде материалдық-техникалық қамтамасыз ету кафедрасының базасында магистранттар үшін енгізіледі.ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа ғылыми пән - «Логистика» - логистикалық жүйені, әскери логистиканы, оның көліктік құрамдасын ұйымдастыруда, қойма шаруашылығын, қорлар мен ресурстарды басқаруда мол тәжірибесі бар АҚШ-тың сарапшыларымен әзірленуде.  

«Пән барлық топтар үшін, әскери-әкімшілік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету топтары үшін жүргізіледі. Логистиканың тақырыптарын анағұрлым терең зерделеу тылдық және техникалық қамтамасыз ету топтарымен, қалған топтар үшін әскери логистика негіздерін зерделеу жүргізілетін болады», - деді ҰҚУ Ұлттық зерттеу институтының ғылыми қызметкері,  PhD докторы  полковник Айдар Бердібеков.

Аталған уағдаластыққа бұл күндері Қазақстан және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан халықаралық семинар шеңберінде қол жеткізілді. Қазіргі семинар - екі ел өкілдерінің үшінші кездесуі. Егер алдыңғы екі кездесуде логистика негіздері қаралса, онда бүгінгі кездесудің нәтижесі жаңа пәнді әзірлеу болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе