ҚМДБ: имамдар Мәскеуде білім жетілдіреді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дін қызметкерлерінің білімі мен тәжірибесін арттыру мақсатында бірнеше елдермен келіссөздер жүргізіп, ынтымақтастық меморандумын қабылдады. Атап айтқанда, Мысыр (Әл-Азһар университеті), Түркия (Хасеки оқу орны) сынды мұсылман мемлекеттерінің Діни басқармаларымен білім саласындағы ынтымақтастық келісімдер жасалды.Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Ғайнутдиннің атына жазған ресми хатына жауап келді.

«Біз Сіздің ұсынысыңызды қуанышпен қабылдадық. Мәскеу Ислам институтында (МИИ) қазақстандық имамдарды оқытуға мүмкіндігіміз толық жетеді. МИИ-дің мемлекеттік лицензиясы бар. Институттың дипломын Ресей мойындайды. Біз бұл жобаны жүзеге асыруға дайынбыз», - делінген Р.Ғайнутдиннің жауап хатында.

Кеше Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Мәскеу Ислам институтының ректоры Дамир Хайретдиновты қабылдады. Кездесуде имамдарды МИИ-да оқыту жайлы сөз болды. Келіссөз барысында еліміздің діндарларын 3 және 6 айлық курсқа жіберу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Орыс тілді уағызшылар тобын қалыптастыру бағытында бұл жобаның бізге берер пайдасы көп», - деді Бас мүфти.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе