Педагогтың барлық талаптарына сай келетін сапалы  құжат қабылдаймыз деп сенемін - Нығматулин

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп тілшісі.

«Бұл заң жобасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен әзірленді және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім саласына қатысты алға қойған міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Сондықтан екінші оқылымға дейін тағы да жан-жақты толықтырып, педагогтың барлық талаптарына сай келетін сапалы құжат қабылдаймыз деп сенім білдіремін», - деп атап өтті Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Айта кетейік, жаңа заң жобасы 4 бағытты қамтиды. Бірінші - ұстаздардың құқықтарын кеңейту және өзіне тән емес жұмыстан босату, жүктемесін азайту. Екінші - мұғалім қызметіне қоятын талаптарды күшейту. Үшінші - материалдық емес тетіктер. Төртінші - материалдық ынталандыру.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе