Қызылорда облысында елорда күніне орай мектеп және емхана ашылды

Астана күніне орай Шиелі ауданында 1200 орындық мектеп және Сырдария ауданында 250 орындық емхана ашылды. 2012 жылы құрылысы басталған Шиелі ауданындағы білім ошағы республикалық бюджеттен бөлінген 1 миллиард 616 миллион теңгеге салынды. Салтанатты шараға облыс әкімі Қ.Көшербаев, басқарма басшылары, аудан ақсақалдары қатысты. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Астана күніне орай ашылған мектеп, кезекті оқу жылында балаларға қуанышты жаңалық болып отыр. Елдің ертеңгі өрендері барлық жағдай жасалған осындай мектепте білім алулары керек. Ұстаздарға да артылар жүк жеңіл емес», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Жаңа заман талабына сай білім ордасында 5 компьютерлік сынып, 3 шеберхана, 1 мәжіліс, спорт залы және асхана бар.

Сондай-ақ, дәл осы күні Сырдария ауданында 250 орынға лайықталған емхана ашылды. Аймақ басшысы дәрігерлерді Астана күнімен құттықтап, жаңа ғимараттың салтанатты лентасын қиды. Денсаулық сақтау саласының ардагері Кенжебек Бәйімбетов жасалып жатқан игі істерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе