Б. Жұмағұлов: Педагогтер даярлайтын оқу орындарына талап барынша күшейтіледі

АСТАНА. 18 Елімізде педагогтер даярлайтын оқу орындарына талап барынша күшейтіледі.Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Қазірдің өзінде еліміздегі 89 жоғарғы оқу орнының 43-іне ғана педагогикалық мамандық бойынша кадрлар даярлауға рұқсат бердік. Қалған 46-сына педогог мамандар даярлай алмайтындығы бойынша шешім қабылдап, оларға тыйым салдық. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының шеңберінде жаңа формациядағы педагогтер даярлау және олардың біліктілігін арттыру басталды. Педагог мамандығына берілетін мемлекеттік грант көлемі көбейді», - дейді министр Б. Жұмағұлов. Оның айтуынша, аталған шаралар мұғалім кәсібінің тартымдылығын арттырып, педагог мамандығын нағыз талантты жастардың таңдауына мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, министрдің айтуынша, қазіргі таңда мұғалімдер біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі енгізіле бастады. Бұл үшін Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жанынан Педагогикалық шеберлік орталығы, Педагогтердің біліктілігін арттыру орталығы құрылуда.

«Бұл орталықтарда мұғалімдер әлемдік тәжірибеге сай әзірленген жаңа бағдарламалар бойынша арнайы үш айлық қайта даярлаудан өтеді. Мұндай қайта даярлаумен 5 жылда 120 мыңнан астам мұғалім, яғни мұғалімдер корпусының тең жартысына жуығы өтеді», - дейді ведомство басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе