Қызылордалық Г. Әбілдаева медициналық колледжді бітіретін елдің 2012 жылғы үздік түлегі атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. 24 сәПавлодар қаласында өткен «Медициналық колледждердің үздік түлегі-2012» дәстүрлі республикалық байқауындаҚызылорда медициналық колледжін бітіруші Гүлнұр Әбілдаева бас жүлдені жеңіп алды.

Жыл сайын өткізілетін байқауға биыл аталмыш салалық оқу орындарының 17 түлегі қатысып, өз білімдерін сынға салды. Бірнеше кезеңнен құралған байқау оған қатысушы үміткерлердің теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын байқаудан өткізді.

«Мен үстіміздегі жылы колледжді бітіргелі отырмын. Содан кейін медициналық институтқа түсуге талап жасаймын. Дәрігер болу - менің бала күнімнен басты арманым», - дейді Гүлнұр.

Г.Әбілдаеваға ноутбук пен ақшалай сыйлық табыс етілді. Ал Қызылордаға оралған соң, оны тағы та тартулар күтіп тұрды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық медицина қызметкерлері кәсіподағы оған құрмет грамотасы мен бағалы сағат сыйлады. Өз тобында староста болып табылатын Гүлнұр оқу орнын «қызыл дипломмен» бітіруге бірден-бір үміткерлердің бірі болып табылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе