ҰБТ кезінде ұялы байланысқа қарсы аппаратура қолданылады - ҚР БҒМ

АСТАНА. 29 Биыл құзіретті мемлекеттік органдардың рұқсатымен ұлттық бірыңғай тестілеу бекеттерінде ұялы байланысқа қарсы арнайы аппаратура қолданылады.Бұл туралы бүгінгі брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлім етті.

Оның хабарлауынша, ол құрал-жабдықтар былтыр Қазақ агротехникалық университетінде сынақтан өтті. «Ол кезде біз Қазақстан, Ресей және Қытай шығарған ұялы байланысқа қарсы аппаратураның төрт түрін байқап көрдік. Осы құрал-жабдықтарды қолдануға қажетті барлық құжаттар бар. Олар адам денсаулығына зиын келтірмейді», - дейді М.Сарыбеков. Вице-министр атап көрсеткендей, аталған құрал-жабдықтар аудиториядан 2-4 метр қашықтықта орнатылатын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе