«ЭКСПО-2017» көрмесінің идеяларын білім саласына енгізетін жұмыс тобы құрылды - Ерлан Сағадиев

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстан университеттері шетелдіктермен келісімдерді бекітті.  Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп .«Министрлік  Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесі идеяларын, технологияларын білім және ғылым саласына енгізу үшін жұмыс тобын құрды. Жаңартылған жел, күн, геотермалды энергетика, гидроэнергетика мен биоэнергетика, сондай-ақ ядролық энергетика саласындағы дамыған елдердің көрме экспозициялары зерттелді. Қазақстан үшін пайдалы идеялар мен жобаларды үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ғылыми идеялар мен коммерциялық қолжетімді инновациялар, екіншіден - технология, ал үшінші топта білім беру технологиясы мен әдістемесі қамтылған»,-деді Е. Сағадиев.

Оның атап өтуінше, көрмеге 55 университет пен ғылыми орталық өкілдері барды. ЭКСПО-ға қатысқан елдермен 100-ден астам кездесу өтті. 9 меморандумға қол қойылды, университеттер 20-дан астам екіжақты ынтымақтастықтың келісімдеріне қол жеткізді».

Министрдің сөзіне қарағанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті корей әріптестерімен жаңартылған энергия көздері бойынша жаңа технологияларды дайындау аясында бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу туралы, екіншіден, Латвия университеттерімен жаңа перспективалы материалдарды зерттеу туралы, сондай-ақ Мажарстан, Чехия, Польша елдеріндегі әріптестерімен электр энергиясын өндіру саласындағы технологиялық трансферті бойынша келісімдер жасады.

Бұдан бөлек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Франция, АҚШ өкілдерімен термоэлектрик материалдар негізінде құралдарды пайдалану тұрғысында бірлескен зерттеу туралы келісімге қол қойды.

Сонымен қатар еліміздің өңірлеріндегі өзге жоғары оқу орындары да ЭКСПО аясында шетелдік әріптестерімен бірлескен зерттеулер мен жобалар бойынша уағдаласты.

«Жұмыстар аяқталған жоқ. Университеттер білім және ғылым саласында жаңа жобаларға алып келетін келіссөздерді жалғастыруда. Министрлік бұл жұмыстарды қадағалауда ұстайды»,-деді Сағадиев.
10600
    Iздеу

    Күнтізбе