ЮНИСЕФ пен ШҚО жасөспірімдер суицидіне қарсы күресу үшін бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды

ӨСКЕМЕН. 16 Өскеменде өңір басшылығы мен Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Джун Кукитамен кездесуі өтті.Кездесудің соңында Д.Кукита мен облыс әкімінің орынбасары Ермек Көшербаев «Балаға дос болған қала» атты бастаманы іске асыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жаңа бастамалар мектептегі білім беру процесінде белгіленген - бұл мектептерде жан басына қаржыландыруды және жалпы қаржыландыру жүйесін енгізу (Шығыс Қазақстанда бұл алғаш рет тестілеуден өтеді).

Бұдан басқа, ата-аналардың балаларынан бас тартуын болдырмау үшін интеграциялық әлеуметтік қызметтерді енгізу бойынша әрекеттер белгіленген. Бұл денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау және құқық қорғау құрылымдарының жүйелері  бірлесе отырып, анасының өз баласынан бас тартпауы үшін әрекет ету керек екенін білдіреді.

Тағы бір жаңалық - жасөспірімдер арасындағы суицидтердің алдын алу. Бұл жұмыс биылғы жылы басталды. Облыс мамандарын оқыту үшін Италиядан халықаралық сарапшы шақырылды. Семинарлар суицидтерді анықтау және алдын алуға бағытталған.

Аталмыш іс-шаралар жоспарына бірлескен қаржыландыру да қарастырылды. Шаралардың үштен бір бөлігі Қазақстан Республикасының бюджетінен қаржыландырылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе