«Бола­шақ» стипендиаттары оқу құнына тең келетін кепілдік іздемейтін болды

АСТАНА. 3 «Бола­шақ» халықаралық бағдарламалар орталығы енді талапкерлерден қолда бар мүлікті ғана кепілдікке алады.Бұл туралы бүгін журналистерге «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Саясат Нұрбек мәлім етті.

Бұрын «Болашақ» грантына ие болғандар оқу ақысына кететін барлық шығынның құнын жабатындай жылжымайтын мүлікті кепілдікке қоюы тиіс болатын. Жасыратыны жоқ, бұл қаншама жастың сағын сындырып, салын суға кетірді. Себебі көпшілігі оқу құнына тең келетін кепілдік таппай дал болды.«Бола­шақ» халықаралық бағ­дар­ламалар орталығы енді қолда бар мүлікті ғана кепілдікке алады. Ол оқу құнына жетсе де, жетпесе де бәрібір, «талаптының тауы шағылмаса» болғаны.

«Біз оқу құнын 100 пайыз өтей алатын кепілдік қамтамасыз ету қатаң талабын алып тастадық. Үміткердің қолда бар мүлігін ғана кепілдікке аламыз», - деп атап өтті ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе