Ақтөбеде «Мектепке жол» акциясының барысында демеушілер қаражаты есебінен балаларға 1,8 млн. теңгеге көмек жасалды

АҚТӨБЕ. 15 Ақтөбе қаласында ата-аналар, педагогтық ұжымдар, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен «Мектепке жол» акциясы өтуде.Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, акция барысында «Жаппай оқу» қорының, сондай-ақ демеушілік қаражат есебінен жеңілдік  санатындағы 3 000-нан астам мектеп оқушысын киіммен және оқу құралдарымен қамтамасыз ету жоспарланған.

Осылайша, 1-10 тамыз аралығында тұрмысы нашар отбасылардан шыққан, мүгедек, жетім балалардың 277-сіне 2,1 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді, соның 282 400 теңгесі - бюджеттік қаражат есебінен алынды, қалған 1,8 млн. теңге демеушілерден келіп түсті.

Жаппай оқу бойынша екі айлық және «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының барысында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін үй-үйді аралау шаралары өтеді. Білім ұйымдарында «Сенім телефондарының» жұмысы жаңартылуда, сондай-ақ сауалдар үшін жәшіктер орнатылған. Акцияның қорытындылары 2012 жылдың 25 қыркүйегінде шығарылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе