Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7 оқушысы АҚШ университеттерінен шақырту алды

АСТАНА. 24 Ертең Астана қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде соңғы қоңырауға арналған мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлады білім ошағының баспасөз қызметінен.Осы оқу жылында мектепті аяқтайтын  45 түлектің 12-сі «Алтын белгі» төсбелгісіне, ал  10 түлегі үздік аттестатқа үміткер. Түлектердің арасында пәндік олимпиада және түрлі жарыстардың жеңімпаздары бар. 25 түлек халықаралық ғылыми жоба жарыстарының жеңімпазы.

«7 түлегіміз АҚШ-тың University of Chicago, Newcastle University, University of Nottingham, «Bentley University», Embry-Riddle Aeronautical University, University of Minnesota Twin Sities сынды айтулы жоғары оқу орындарына шақырылды. 22 түлегіміз Назарбаев Университетінің  халықарылық емтиханынан ойдағыдай  өтті», - делінген хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе