Қазақстанда ғылыми басылымдарға жаңа талаптар қойылып отыр

Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптар өзгерді. Бұл жайында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп . «Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізілді. Қазіргі уақытта бұл тізімге негізінен формалды өлшемдер бойынша іріктеп алынған 177 басылым кіреді. «Сондықтан қолданыстағы критерийлерді халықаралық талаптарға бейімдеу бойынша жұмыс басталды. Мәселен, 2 рет сырттай рецензиялау, нақты редакциялау саясаты, жарияланым мазмұны мен басылымдардардың бағыттық сәйкестігі, шетелдік мамандардың рецензиялары, өзгенің жазбасын пайдалануды тексеру, барлық жарияланым шарасының ашықтығы, мықты редакция алқасы, жарияланымдарды жіберу және рецензиялаудың онлайн жүйесі, әдеп пен академиялық адалдық бойынша талаптар және тағы сол сияқтылар. Көрсетілген тізбеге кіретін отандық басылымдарға осы талаптар біртіндеп қойылады», - деп жазады министр. Оның айтуынша, осының нәтижесінде басылымдардың саны емес, сапасына мән беріледі, сапалы контент үшін бәсеке артады және халықаралық деңгейдегі ғылыми басылымдарды шығарудың кәсіби академиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді деп ойлаймын.«Сондай-ақ отандық журналдарды Scopus және Web of Science халықаралық базасына енгізу үшін, ғылыми журналдарға қаржылай қолдау көрсетіп, демеу беру мақсатымен конкурс жариялауды жоспарлап отырмыз» деп түйіндеді Асхат Аймағамбетов.
700
    Iздеу

    Күнтізбе