Оңтүстік Қазақстанда биыл 95 мектепке дейінгі ұйым ашылады

Облыста мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Балғындарды балабақшамен қамту мақсатында жыл соңына дейін 12 мың баланы қамтитын 95 мектепке дейінгі ұйым пайдалануға беріледі. Оның 48-і мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында ашылмақ.Оңтүстік Қазақстан облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының мәліметінше, өңірімізде 1-6 жас аралығындағы 151948 баланы қамтитын 1412 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Еліміздегі әрбір бесінші сәбидің оңтүстік өңірінде дүние есігін ашатыны белгілі. Мәселен, соңғы төрт жыл ішінде облыс аумағында үш жүз мыңнан астам бала туылған. Осы ретте балғындарды балабақшамен қамту шаралары жүйелі түрде жүргізілетін болады. Жалпы, өткен жылы облыста 160 мектепке дейінгі ұйымдар ашылып, онда 15 мыңнан астам бүлдіршін қамтылды, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе