«Жас сарапшы-2013» республикалық конкурсы басталды

АСТАНА. 25 Бүгін Астанада қазақстандық жоғары оқу орындарының экономика мамандығын бітіруші студенттер мен магистранттардың арасында ғылыми-зерттеу қызметіне ынталандыру мақсатында «Жас сарапшы» республикалық байқауының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.Бұл туралы «Болашақ» қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәслихатына «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ президенті Мақсат Мұқанов, «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Жанна Төлегенова, «Болашақ» қауымдастығының мүшесі Аян Әлжанов, «Жвас сарапшы-2012» конкурсының жеңімпаздары Ұлжан Маратқызы, Айжан Мұқышбаева, Әйгерім Анабиева қатысты. Ұлжан Маратқызы (1 орын) және Айжан Мұқышбаева (2 орын) Экономикалық зерттеулер институтында сынақтан өту арқылы бүгінде осы институттың Өңірлік саясат және социологиялық зерттеулер орталығында сарапшы қызметін атқаруда.

Конкурстың мақсаты - студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру, талантты жастарды анықтау және алға жылжыту, ҚР жоғары оқу орындарының бітірушілерін дайындау деңгейін арттыру, студенттерді мамандық бойынша пәндерді барынша терең меңгеруіне ынталандыру.

Конкурс екі тілде - қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Жеңімпаздар елдің жас экономисі атағына, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да сынақты өту мүмкіндігіне, «Болашақ» қауымдастығының ұсыныс хатына, дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.

Іріктеу үдерісі үш кезеңмен өткізіледі:

Бастапқы кезең - бастапқы іріктеу қатысушылардың конкурсқа қатысу үшін берілген құжаттары, сондай-ақ ұйымдастырушылар алдын ала хабарлаған тақырыптардың біріне қазақ немесе орыс тілінде эссе негізінде жүргізіледі. Бастапқы іріктеу нәтижелері бойынша іріктеліп алынған 30 үміткердің арасынан тізім дайындалады. Мерзімі: 2013 жылғы 25 қыркүйек - 15 қазан аралығы.

II кезең - ІІ турға қатысушылардың кейсін дайындау. Кезең қорытындысы бойынша ІІІ турдың 10 қатысушысы анықталады. Мерзімі: 2013 жылғы 29 қазан - 5 қараша аралығы.

III кезең - финалистердің конкурстық комиссия мүшелерімен әңгімелесуді ұйымдастыру. Әңгімелесу қорытындысы бойынша конкурс лауреаттары мен жүлдегерлердің есімдері анықталады. Мерзімі: 2013 жылғы 19 қараша. Марапаттау ағымдағы жылдың 20 қарашасында Астана қаласында өтеді.

Конкурстық комиссияның құрамына бейіндік министрліктер мен ұлттық компаниялардың топ-менеджерлері, практикалық тәжірибесі мол «Болашақ» бағдарламасының экономикалық мамандықтар бойынша түлектері кіреді.

Конкурсқа қатысу үшін zhassarapshy@economy.kz электрондық мекенжайына толтырылған өтінім нысанын, жоғарыда аталған тақырыптардың біріне жазылған көлемі 4 бет эссені, жеке басын куәландыратын құжат көшірмесін және мамандық пен курсты көрсету арқылы жұмыс орнынан алынған анықтаманы ағымдағы жылдың 15 қазанына дейін жіберу қажет.

Конкурс екінші рет өткізіліп отыр. Өткен жылы еліміздің 40 жоғары оқу орнынан 200-ден астам студент қатысқан. Конкурстық комиссия алты жеңімпазды таңдады, олар Экономикалық зерттеулер институтында сынақтан өтіп, бағалы жүлделер мен сыйлықтарды иеленді.

Ұйымдастырушы - «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ы Құрылтайшы - «Болашақ» Қауымдастығы.

Эссе тақырыптары:

1. Қазақстан 2050. Ұзақ мерзімді дамуға үндеу, болашағы және ықтималүлгісі.

2. Жаһандық қауымдастықты серпінді жаңғырту тұрғысында Қазақстандағы адам капиталының сапасын арттыру: әлемдік трендке қалай кіруге болады.

3. Қазақстан Республикасындағы «Жасыл экономика»: болашағы, мүмкіндіктері, шектеулер.

4. Бірыңғай Экономикалық Кеңістіктегі Қазақстан шағын және орта бизнесінің бәсекелік қабілеттілігі.

5. Экономиканың жаңа құрылымы: жаһандық үндеу.

6. Форсайт - жоспарлау құралы немесе болашақты құру жүйесі ретінде.

7. Экономикадағы инновациялық дамудың жаңа бағыттары.

Қосымша ақпарат:

7 7172 707 669, 8 775 225 19 07,

l_saruar@bolashak.kz.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе