СҚО-да оқушылар орбиталық стансаның үлгісін жасады

– Петропавлдағы мектептердің бірінде оқушылар ғарыштық стансаның «Ковчег-1» атты үлгісін жасады. Дарынды балалардың жобасы ғаламшарда еш қиындықсыз өмір сүруге мүмкіндік береді, деп тілшісі. «Ковчег-1» орбиталды стансасы – Петропавлдағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының бірегей жұмысы. Балалар жобаны жазып шығуға бір ай уақыттарын жұмсаған. Орбиталды станса 10 адамға шақталған. Ұзындығы – 60, диаметрі – 12 шақырымды алмақ. «Әлемде экологиялық мәселелердің өзектілігі жылдан-жылға артып келеді. Қоршаған ортаның ластануы, табиғи қорлардың азаюы – жаңа тіршілік орындарын іздеуге итермелеуде. Сол себепті біз орбиталық стансаның прототипін жасауды қолға алдық. Біздің ғарыш кемеміз 4 бөліктен тұрады. Оның бірінде адамдар тіршілік етсе, қалғандарында ауыл шаруашылығымен айналысуға, яғни мал өсіріп, егін егуге болады. Тіпті, балық шаруашылығын дамытуға да орын қарастырдық», - дейді жоба авторларының бірі Анатолий Зверев. Оқушылардың есептеуінше, орбиталық орталықта бір ғасырға дейін, су қоры таусылғанша өмір сүруге болады. «Ковчег-1» атты орбиталық стансамыз төрт бөлікке бөлінген, әрқайсы жеке дара жұмыс істегенімен, орталықтан басқарылады. Ғарыш кемесіне басқа ұшу аппараттары келіп қона алады. Ғаламшарымызда адамдар саны барған сайын артып келеді. Болашақта халықтың көбеюіне байланысты басқа тұратын орын іздеу керек болады. Сол себепті жобамыз өте маңызды», - дейді физика пәнінің мұғалімі, оқушылардың жетекшісі Василий Крючков.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе