Нобель сыйлығы иегерінің оқу бағдарламасы Қазақстан мектептеріне енгізілуі ықтимал

Астанада Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдері өкілдеріне  француз ғалымы, Нобель сыйлығының иегері Джордж Чарпактің ойлап тапқан «La main à la pâte» оқу бағдарламасы таныстырылды.«Бұл бағдарлама балалардың қызығушылығын, ынтасын жастайынан ғылымға бағыттауды үйретеді, сондай-ақ олардың білуге деген құштарлығын тиімді пайдалануға негізделген. Сондықтан «La main à la pâte» бағдарламасын жылжыту біз үшін қызықты. Қазіргі уақытта 55 мемлекетте аталған әдістеме қолданылуда. Дегенмен Орталық Азияда ол тарала қойған жоқ. Біз бағдарламаның алдымен Қазақстанда енгізілгенін қалаймыз. Былтыр Франция және Қазақстан президенттерінің кездесуінде талқыланған мәселелердің бірі осы болатын», - дейді Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Этьен.

«La main à la pâte» бағдарламасы алғаш рет Францияда енгізілген болатын. Нобель сыйлығын алғаннан кейін Д.Чарпак мектептерде оқыту әдістемесінің дұрыс еместігіне көз жеткізеді. Содан бастап ол баланың білуге деген албырт ынтасын білім мен ғылымға тиімді пайдаланудың әдістемесін жасаған. Содан бері француз мектептерінде балалар өздеріне таныс құралдар мен әдістерді пайдалана отырып, ғылымды өздігінен білуге үйретіле бастады. 

«Аталмыш семинар барысында қатысушылар арнайы қарар қабылдады және ол Экономикалық ынтымақтастық ұйымы елдерінің президенттеріне жіберіледі. Себебі бұл әдістеме БҰҰ-ның 2013-2030 жылдарға арналған тұрақты даму бағдарламасы мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл семинар осы  бағдарлама аясында оқытудың дәндерін екті, үш күн бойы Қазақстаннан 60-қа тарта оқытушы қатысты. Бұл бастама Қазақстанда тамырын жаятынына үміттенеміз», - дейді ЭЫҰ ғылым қорының президенті, профессор Манзур Соомро.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бағдарламаны Қазақстан енгізетіні не енгізбейтіні  әлі белгісіз. Дегенмен оның алғашқы таныстырылымы өтті және оның ұтымды әдістеме екеніне көз жеткізілді.

Айта кету керек, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Ғылым қорының ұйымдастыруымен өткен семинарға 15 елден 30-дан астам өкіл қатысты. Сонымен бірге халықаралық ұйымдардан 19 өкіл келді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе