Қазақстанда 26 ЖОО-ның әскери кафедрасы алғаш рет қыздарды әскери мамандыққа оқытады

Осы жылы алғаш рет Қазақстанның 26 жоғары оқу орнының әскери кафедрасында қыздарды оқытып-үйрету жүзеге асырылады. Дайындық екі әскери мамандық бойынша жүргізіледі. Ол: байланыс бөлімшелерін қолдану (әскери байланысшылар), автоматтандырылған қауіпсіздік жүйелерін қолдану (есептеуіш техника құралдарының объектілері мен басқару жүйелерін автобасқаруға арналған мамандар).ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінде атап өткендей, әскери кафедраға түсу үшін қыздарға медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы нормативтері мен психологиялық тестілеуді тапсыру қажет. Осылайша, қыздар жігіттермен қатар өздерінің негізгі біліміне қосымша әскери мамандық бойынша білім алуларына мүмкіндіктері бар, ал Қарулы күштері өз кезегінде, қосымша дайындалған жұмылдырылған ресурс ала алады.

Әскери кафедрада теориялық сабақтар практикалық оқытып-үйретумен аяқталады. Оқып-үйренушілер Қарулы күштердің әскери бөлімдері базасында дайындықтан өтеді, далалық жағдайларда алған білімдерін қолдануды үйренеді. Оқу аяқталысымен барлық оқып-үйренушілерге «лейтенант» офицерлік әскери атағы беріледі. Олар жоғары білімі туралы дипломмен бірге запастағы офицердің әскери билетін алады және автоматты түрде жұмылдырылған резервке енгізіледі, - ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе