Қазақстандық студент Шанхайда өткен зияткерлік байқауда жеңімпаз атанды

16 қараша күні Бейжің халықаралық бизнес және экономика университетінің (UIBE) қаржы факультетінің 4-курс студенті қазақстандық Әнел Жарылқасынова «Шанхай рухы» ұранымен өткен «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қытайдағы меншікті тілшісі.Дәстүрлі шара Шанхай ынтымақтастық ұйымының штаб-пәтерінде өтті және оған ұйымға мүше мемлекеттерден келген, Бейжіңнің жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студенттер қатысты.

«Байқау мен үшін жаңа мүмкіндіктер мен білім-ғылымның алаңы болды. Бірнеше ай бойы жүргізілген дайындық барысында ШЫҰ туралы мол деректерге қанықтық және оқуымды аяқтаған соң, осы ұйымда жұмыс істеймін деп шештім. Байқау шын мәнінде Шанхай рухына лайық достық сарында өтті», - деді А.тілшісіне берген сұхбатына.

Байқаудың екінші және үшінші орындарын Чжэнь Си (Қытай) және Айдана Асқарова (Қазақстан) иеленді.

Еске сала кетсек, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауы - «ШЫҰ - ортақ үйіміз» кешенді бағдарламасының бір шарасы. Аталған бағдарлама аясында «ШЫҰ үлгісі» интерактивті ойыны мен студенттер арасында үздік ғылыми мақала байқауы өтті. Сондай-ақ, ШЫҰ жастарға арналған Ашық есік күндерін тұрақты негізде ұйымдастырады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе