Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары білім алып, ауылға жұмыс істеуге оралады - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 1 Лебяжі ауданы мектептерінің 7 түлегі өңір басшысының гранттары бойынша Павлодар облысының жоғары оқу орындарында білім алады, деп хабарланды аудан әкімдігінен.Жас мамандар дипломдармен үйлеріне оралып, ауыл мекемелерінде жұмыс істейтін болады.

Аз қамтылған отбасылар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандардың арасынан үміткерлерді іріктеуді комиссия мектеп түлектеріне әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі бойынша жүзеге асырды.

Жамбыл, Аққу, Қызылқоғам, Черное және Майқарағай ауылдарының бозбалалары мен бойжеткендері Инновациялық Еуразия университеті,  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына, Павлодар мемлекеттік университетіне және медицина академиясына қабылданды. Жоғары оқу орындарында олар ауылда сұранысқа ие мал дәрігері, мұғалім, дәрігер, радиотехника және телекоммуникация мамандықтарын алады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе