Орал қаласында 1200 орындық жаңа мектеп ашылды

ОРАЛ. 1 1 қыркүйек күні Орал қаласының 5-шағынауданында №42 «Ақ ниет» гимназиясының жаңа ғимараты ашылып, оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.Облыс басшысы мұғалімдер мен оқушыларды, ата-аналарды мерекемен құттықтап, жаңа білім ордасында шәкірттердің сапалы білім, орнықты тәрбие алуына барлық жағдай бар екендігін атап көрсетті. Ғимаратты «Болашақ» ЖШС (басшысы Қайдар Қошанов) мерзімінде іске қосты. Әкім бастаған меймандар жаңа ғимарат ішін аралап көрді.

Шындығында да 1200 оқушыға арналған үш қабатты, бес блокты жаңа ғимараттың іші-сырты бірдей сыңғырлап тұр. Бұрын №42 «Ақ ниет» гимназиясы қала орталығындағы балабақша ғимаратында орналасқан еді, ол оқушылар үшін тарлық ететін. Жаңа ғимараттағы барлық оқу кабинеттерінің саны - 40 , қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология, география кабинеттерінің қосымша зертханалары бар. Жаңа үлгідегі құралдармен жабдықталған әрқайсысы 2-ден физика, биология, химия, мультимедия, информатика кабинеттері, сондай-ақ 16 интерактивті тақта, шет тілі пәндеріне арналған 6 лингафондық кабинет оқушыларға қызмет етпек. Сонымен қатар спорт залы, 32 орындық оқу орны бар кітапхана, алғашқы әскери дайындық пәні кабинеті және 400 орынға арналған асхана, 360 орындық  акт залы, психолог, 1 медициналық және логопедиялық 1 кабинет және бар.

Ерік Темірғалиев басшылық ететін аталмыш мектепте алпыстан астам педагог еңбек етсе, соның 13-і жоғары, 22-сі бірінші санатты, үшеуі - ҚР білім беру ісінің үздігі. Өткен оқу жылының соңында мұнда 670 оқушы болса, білім сапасы 74,6 пайызды құрады. Гимназия түлектері ҰБТ бойынша соңғы бес жылда қала мен облыс көлемінде алдыңғы қатарлы орында. Мұнда енді 42 сынып жиынтығында барлығы 1150 оқушы білім алады деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе