Бірінші сыныпқа баратын мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу құралдары табысталды - Қызылорда облысы

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында бүгін Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаев биыл 1-сыныпқа баратын мүмкіндігі шектеулі балаларды жаңа оқу жылымен құттықтады. 25 оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған портфель мен оқу формасын сатып алуға сертификат табыстады,-деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

- Биылғы оқу жылы инклюзивтік білім беру жүйесіне тағы бір білім ошағы - Қызылорда қаласындағы №264 мектеп қосылып отыр. Ел болып, халық болып әрдайым осындай игі істерді қолға алу - біздің азаматтық парызымыз. Әрбір баламызды мектеп партасына отырғызсақ, оларға сапалы білім бере білсек, бұл - біздің болашақ алдындағы жауапкершілігімізді ақтағанымыз. Сендерге үлкен үміт артамыз. Біздің сенімімізді ақтап,  еліміздің білімді азаматы болып өсіңдер. Әрқашан жүздеріңнен күлкі кетпесін, - деді Нұржан Әлібаев.

«Мектепке жол» республикалық акциясы елімізде алты жылдан бері өткізіліп келеді. 1 тамыздан басталған шара аясында Қызылорда облысында 2 мыңнан астам балаға 12 млн. 215 мың теңгеден астам қаржының көмегі көрсетілді. Мектеп формасы мен құрал-жабдықтар жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Акцияға мемлекеттік мекемелер, депутаттар, облыстық басқармалар мен бизнес құрылымдары үлкен үлес қосуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе