Астанадағы тамыз кеңесіне 1600 педагог қатысады

АСТАНА. 27 Ертең, тамыздың 28-і күні Астанада өтетін елорда педагогтарының тамыз кеңесіне 1 600 ұстаз қатысады.Бұл туралы бүгін астаналық мектептердің жетістіктеріне арналған көрменің ашылу салтанатында Білім беру басқарамасының бастығы Әсима Бимендина мәлім етті.

«Енді, біз барлық 10 мың мұғалімді шақыру мүмкін емес. Сондықтан ертеңгі тамыз кеңесіне тек 1600 ұстаз ғана қатыса алады. Олар өзара тәжірибе алмасып, оны әрі қарай дамытады деген үлкен үміт бар», - деп атап көрсетті Ә.Бимендина.

Айта кетейік, ертең, тамыздың 28-і күні Конгресс-холл сарайында елорда педагогтарының 2012 жылғы тамыз кеңесі өтеді. Іс-шараның биылғы тақырыбы  - «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты». Тамыз кеңесінің салтанатты ашылу рәсімінде қала әкімі И.Тасмағамбетов сөз сөйлейді деп күтілуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе