«Назарбаев» орталығы «Ашық есік күні» акциясы өткізді

АСТАНА. 2 «Назарбаев» орталығы «Ашық есік күні» акциясы өткізді«Назарбаев орталығы» мұражайының экскурсия бөлімі 1 маусым балаларды қорғау күніне орай, «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Бұл күні мұражайда тегін экскурсия жүргізіліп, келушілерге жан-жақты мағлұмат берілді. Осы күні Астана қаласындағы №32, №6, №37, №10 мектептің оқушылары, сондай-ақ Зерендіден де арнайы мектеп оқушылары келіп, мұражайдың залдарын аралады, құнды жәдігерлермен кеңірек танысты», - делінген орталық таратқан ақпаратта.

Келушілер «Қазақ әлемі» залындағы И.Тасмағамбетовтың жеке коллекциясына, «Қасиет» залындағы Абылай ханның алтын зерлі қамқа тоны сынды жәдігерлерге  зор қызығушылық танытты. Этнография залына қойылған бабалар мұрасымен жақын танысқан оқушылардың тарихи таным көкжиегі кеңи түсті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе