Б. Жұмағұлов Астанадағы Менделеев олимпиадасын жоғары деңгейде өткізуге тапсырма берді

АСТАНА. 13 сәБүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Астанада өтетін химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының дайындығын тексерді.Ведомство қабырғасында өткен ұйымдастыру комитетінің отырысында химиялық-лабороторлық базаны қамдау, қонақ үйлер мен жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз ету жайы пысықталды. Сондай-ақ қонақтарды Астана және Бурабай курорты аймағында экскурсиялар ұйымдастыру мәселелері тағы бір рет үйлестірілді. ҚР Ішкі істер вице-министрі Марат Демеуовтің айтуынша, меймандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Астана және Ақмола облысының 360-қа жуық полицейі тартылатын болады.  

Министр олимпиаданың ұйымдастырылу барысына көңілі толатындығын жеткізді және өзінің командасына аталмыш шараның дайындығын одан әрі тиянақтауға тапсырма берді.

«Бұл олимпиаданың басты ерекшелігі бұрын-соңды қатыспаған Венгрия, Грузия, Эстония, Литва, Индонезия, Германия және Франция оқушылары мен жас химиктерінің құрамалары келеді. Негізінен білім жарысына ТМД елдерінің, Оңтүстік-Шығыс Азия, Балтық жағалауы мемлекеттерінің оқушылары дәстүрлі түрде қатысып отырады. Биыл олимпиадаға қатысу үшін 120 бала Астанаға ат басын тірейді деп күтілуде», - дейді Республикалық «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталықтың директоры Шолпан Қирабаева.

Химия пәнінен Халықаралық Менделеев олимпиадасы 1956 жылдан бері үзбей жалғасып келе жатқан дәстүрлі шара. Олимпиада Астана қаласында алғаш рет өтуде. Ал осыдан 10 жыл бұрын Алматыда ҚазҰУ-нің базасында ұйымдастырылған болатын. Атаулы шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің Химия мен биологияның 1-құрылтайы қарсаңында өтіп жатқандығын айта кеткен жөн.

«Бүгінгі таңда Қазақстанның брендіне айналған Назарбаев университетінің базасында өтетін тәжірибелік сынақтарға қажетті химиялық құрал-жабдықтар сатып алынды. Қазақстан құрамасының құрамына елдің әр аймақтарынан сұрыпталған 15 оқушы кіреді. Олардың барлығы химия олимпиадаларында бірнеше рет жүлде алған жас химиктер», - деп атап өтті ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе