Қазақстан ғылымының әлеуеті зор- Білім және ғылым вице-министрі М. Орынханов

АЛМАТЫ. 1 Ислам елдері инженерлік институттар федерациясының бұл кездесуі  біздің ғалымдарымыз арасындағы ынтымақтастықтқа жасалған тағы бір нақты қадам болып табылады.  ҚР Білім және ғылым министрі Мұрат Орынханов бүгін Алматыда "Ғылым және технологиялар: келешекке қадам" деген тақырыппен  өтіп жатқан V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжинеринг және технологиялар конгресінде осылай айтты.

«10 күн бұрын Астанада ислам әлемі елдері ғылым академияларының мәжілісі өтті. 14 елдің ғалымдары қатысқан бұл жиында Астана декларациясы қабылданды. Ислам елдері ғалымдарының шоғырлануының  нақты жолын көрсететін. ислам елдері инженерлік институттар федерациясының бұл кездесуі  бұл бағыттағы тағы бір қадам болмақ. Бұл екі шара бір-бірімен тығыз байланысты», - дейді М. Орынханов. Оның айтуынша, Қазақстан ғылымының әлеуеті зор. Республикада  алдағы 2 жылда оған 300 миллион доллар көлемінде инвестиция жасалмақ. Ал  2015 жылы ғылым саласына бөлінетін қаржы жалпы ішкі өнімінің 1 пайызына жететін болады. Мәселен 2011 жылы 29 миллиард теңге бөлінсе, биыл ол 70 пайызға ұлғайып, 49 миллиардқа жетіп отыр. Ғылымға жасалған бұл инвестиция  таяу жылдары өз жемісін бере бастайтын болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе