Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері Германияның Ауыл шаруашылығы академиясында еңбек тәжірибесінде болды

ПАВЛОДАР. 6  С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінен болашақ агрономдар және орман шаруашылығы мамандары «DEULA-Nienburg» Ауыл шаруашылығы  академиясының (Германия) оқыту орталығында еңбек тәжірибесінен өтті, деп хабарлады павлодарлық ЖОО-ның баспасөз қызметі.   Студенттер ферма шаруашылықтарында және Нинбург қаласының ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында болды, неміс аграрийлері қолданатын жаңа технологиялармен танысты. Еңбек тәжірибесі аяқталғанда, олар қорытынды емтихан тапсырды.

Нинбург академиясының басшылығы Павлодардан келген тәлімгерлердің дайындығына риза болды. Академия директоры Берндт Антельман болашақта ПМУ студенттеріне неміс университеттерінің магистратурасына түсуге ықпал жасайтынын атап айтты.

«DEULA-Nienburg» академиясының жоспарында Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушыларын еңбек тәжірибесінен өткізу, ауыл шаруашылығында энергияның балама көздерін (биогаз) қолдану жөнінде бірлескен жобалар дайындау бар.

Қазақстан және Германия арасындағы студенттерімен және аграрлық сала мамандарымен академиялық алмасу Павлодар облысы және «DEULA-Nienburg» оқыту орталығы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандумның арқасында жүзеге асырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе