Б.Жұмағұлов Павлодар мемлекеттік университетінің базасында әлеуметтік-гуманитарлық зертхана құруды ұсынды

АСТАНА. 28 ҚР  Премьер-Министрінің тапсырмасымен  Павлодар облысында жұмыс сапарымен жүрген Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми және оқузертханаларында болды, деп хабарлады pm.kz сайты.

Университетте министр инновациялық технологиялардың электрондық кеңсесімен танысты. Сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер биотехнологиялары зертханасында, химия және наноматериалдар зертханасында, энергия үнемдеуші технологиялардың ғылыми-өндірістік орталығында болды. Одан кейін университет ғалымдарының энергетика, энергия үнемдеуші технологиялар, құрылыс және машина жасау саласындағы жобаларымен танысты.

Министр сонымен қатар әлеуметтік-лингвистикалық және лингвомәдени-логикалық зерттеулер және психология педагогикасы саласындағы университеттің зерттеулеріне ерекше назар аударды. Б.Жұмағұлов Павлодар мемлекеттік университетінің базасында әлеуметтік-гуманитарлық зертхана құру туралы ұсыныс жасады.

Жалпы алғанда, Павлодар облысында 4 жоғары оқу орны бар. Олар  -С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Инновациялық еуразиялық университет, Қ.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институты. Студенттердің жалпы саны - 21 773, магистранттар саны - 448, PhD докторларының саны - 51. Жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы 1462 адамды құрайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе