Қазақстанда әскери білім алудың жаңа мүмкіндігі туды

Бүгінгі таңда еліміздің барлық әскери оқу орындарында оқуға түсу кезіндегі талаптар өзгертілген, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.«Кадет корпусына түсу кезінде ҰБТ-ның ұпайы ескеріледі. Бірақ, жоғары оқу орындарымен салыстырғанда оның өтпелі ұпайы төмен. Бұл ҰБТ-да 50-ден төмен балл жинаған бозбалалар медициналық куәландырудан өтіп, дене даярлығы бойынша нормативтерді, психологиялық тестілеуді ойдағыдай тапсырса Кадет корпусына түсуге мүмкіндік алады. Нәтижесінде мамандық алып шығып, сәйкесінше Кадет корпусын тәмамдағаннан кейін 100 пайыз жұмысқа орналастырылады.  Кадет корпусына түсу үшін өтпелі балл - 30 балды құрайды. Бұл барлығын қабылдаймыз деген сөз емес. Оқуға түсушінің денсаулығында кінәрат болмауы, моральдық және психологиялық тұрғыда тұрақты, әскери болуға бекінуі тиіс. Сол кезде оның Кадет корпусына түсуге барлық мүмкіндігі болады», - дейді ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Айгүл Түлембаева.

Арнайы тексеруден өткен, оқуға денсаулық жағдайы бойынша жарамды, аттестаттағы орташа балл 3,5-тен кем болмаса, кәсіби-психологиялық тестілеу және комиссияның дене даярлығы бойынша нормативтерін тапсыратынын айта кетейік. Қабылдау кезінде олар Кадет корпусының аумағында орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етіледі.

Оқуды аяқтағаннан кейін кадеттер «Әскери басқарудың кіші маманы (менеджер)» біліктілігі, сондай-ақ «3-сыныпты ЖӘЖМ-нің механик-жүргізушісі» және «В», «С» санаттағы автомобиль жүргізушісі куәлігі беріле отырып, «Әскери басқару» мамандығы бойынша диплом алатынын айта кеткен жөн.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе