«Бақытты отбасы»: Қостанайда психологиялық білім орталығы ашылды

– Қостанайда елде баламасы жоқ психологиялық және қосымша білім беру өңірлік орталығы ашылды, деп .Аталған жобаның іске асырылуына облыс қазынасынан 54

млн теңге бөлінген. Бастама «Nur

Otan» партиясының «Бақытты отбасы»

жобасы шеңберінде жүзеге асты. Ашылу салтанатына Қостанай облысы әкімінің

орынбасары Марат Жүндібаев, «Nur

Otan» партиясы

Қостанай облыстық филиалының орынбасары Жанабай Бисимбаев пен «Nur Otan» партиясы жанындағы Балалар құқықтарын

қорғау кеңесі төрағасының

орынбасары Динара Закиева қатысты. «Орталық

мамандары оқушыларға қосымша білім берумен қатар, ата-аналар мен мұғалімдерге

де психологиялық көмек көрсетеді. Себебі, суицидтік мінез-құлық деңгейі бойынша

соңғы жылдары облыстың көрсеткіштері мәз емес. Әсіресе, кәмелет жасына

жетпегендердің жағдайы ерекше бақылауды қажет етеді. 2016 жылы 8 суицид жасалса, 2018 жылы осыған

ұқсас 12 жағдай тіркелген», - дейді психологиялық көмек пен қосымша білім беру орталығының

директоры Елена Петренко. Орталық мамандары әдістемелік кеңес беру,

семинар-тренинг, коучингтер өткізеді. Бала мен ата-ананың арасындағы

мәселелерді шешу үшін арнайы бөлім де құрылған. «Басты мақсатымыз –

балалар үшін психологиялық көмектің қолжетімділігін, сапасын арттыру, сондай-ақ

психолог мамандарының кәсіби құзыреттілігін дамыту. Қазір

біз жас өскінмен психологиялық кеңес беруден бөлек, әскери-патриоттық,

көркем-эстетикалық, әлеуметтік бағыттар бойынша да жұмыс істейміз. Мамандар

ата-ана мен балалар арасындағы түсінбеушілік, балаларға қатысты зорлық-зомбылық

әрекеттерінің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік, төтенше жағдайдан кейін балалармен жұмыс,

психологиялық диагностика жүргізеді», – деді облыстық білім беру басқармасының

басшысы Василий Цымбалюк.«Nur

Otan» партиясы

жанындағы Балалар құқықтарын қорғау кеңесі төрағасының орынбасары Динара Закиеваның

сөзінше, бұл тәжірибені өзге де облыстарға енгізуге болады. «Отбасындағы зорлық-зомбылықтардан қорғау, суицидтің

алдын алу –қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі.

Мұндай психологиялық орталықтардың әр облыста болуы заңдылық.

Психологиялық қолдау орталығында тәулік бойы 37-08-58 сенім телефоны жұмыс

істейді. Бұл да үлкен көмек», - дейді Динара Закиева.

Қазір фронт-кеңсеге 10 психолог маман мен 6 педагог

қызметке алынды. Одан бөлек, арнайы

мобильді

топ құрылған. Мұндай

нысандар бұған дейін білім басқармасының қарамағында болған еді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе