Шымкентте ең көп кітап оқыған жеткіншектер марапатталды

– Шымкентте «Кітап оқып, рухани бай бол» атты кітап оқу байқауының жеңімпаздары марапатталды. Қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Рухани жаңғыру» бөлімі мен «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған сайыс 15 қазанда басталып, екі кезең бойынша өткізілген болатын, деп тілшісі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мен жас өрендердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға қаладағы мектептердің оқушылары қатысты. Кітап оқу мәдениетін арттыру мен оқырмандардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, қолдау көрсету және үздік көркем шығармаларды кеңінен насихаттауды мақсат еткен шарада қаладағы кітапсүйер қауым белсенділік танытты. Сайыстың алғашқы кезеңі бойынша үміткерлер өзінің сүйікті шығармасын мәнерлеп оқып, бейнежазбаға түсірді. Оларды әлеуметтік желілерде жариялаған болатын. Екінші кезеңде көп пікір жинаған қатысушылар Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы мен Әбілда Тәжібаевтың лирикасын талқылады. Байқау қорытындысы бойынша көш ілгері озып шыққан қатысушылар жеңімпаз атанып, жүлделі орындарға ие болды. І орынды Ұлықбек атындағы №3 мектептің оқушысы Айжан Сұлтанболатқызы жеңіп алса, ІІ орын Т. Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Арсен Абдулланың еншісінде кетті. Жүлделі ІІІ орын да №47 мектеп-гимназиясының оқушысы Әділет Өменовке бұйырды. Байқауға қатысушылардың ынтасын жоғары бағалаған ұйымдастырушылар «Үздік оқырман» номинациясын бірден 5 оқушыға табыстады. Ал, «Шымкент шайырларының ойлы оқырманы» номинациясына Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-лицейінің оқушысы Аят Ғалымұлы лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен номинанттарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе