2015 жылы Астанада 2 колледж құрылысы жоспарлануда

Бүгінгі күні Астанада 302 білім беру ұйымы жұмыс жасап жатыр, оларда 12522 педагог қызме етуде. Техникалық және кәсіби ұйымдардың жалпы саны 34 құрайды, оқушылар саны - 28086. 34 оқу орнының 12-сі 12 мыңнан астам оқушы білім алатын мемлекеттік колледждер, 22-сі 16 мыңнан астам студент оқитын жеке меншік колледждер.Кадрларды даярлау  3 деңгейлі білім алу мүмкіндігін бере отырып, 66 мамандық бойынша жүзеге асырылады: көпшілік мамандықтар бойынша мамандар, жоғарылатылған деңгей және орта буын  бойынша мамандар.  Бүгінгі күні білім беру процессі модернизациялануда. Дуальді оқытуды енгізу бойынша 10 колледжде тәжірибелік алаңдар құрылып, 7 колледжде дуальді оқыту элементтері енгізілді. Дуальді оқытуға жалпы саны 820 студент қатысуда. Колледждердегі дуальді оқыту  аясында 11 меморандум мен студенттердің практика өтуіне байланысты 225 келісімге қол қойылды. Жаңашылдық нәтижесінде, 120 астам колледж студенттері атаулы стипендияға қол жеткізсе, 300 астам студент жұмыс берушілерден жалақы алады және мыңнан астам студенттердің тәжірибе ақысы төленуде, деп жазады astana.gov.kz.

2015 жылы 1600 орындық 2 колледж іске қосылмақшы:

1. «Сарыарқа» ауданында құрылыс бағытындағы 800 орындық колледж;

2.  Бөгенбай батыр даңғылы аумағында байланыс және энергиямен қамтамасыз ету бағытындағы 800 орындық колледж.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе